5 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пәнінен өткен қалалық олимпиада

5 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пәнінен өткен қалалық олимпиада

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 23 қаңтарында  Өскемен қаласының «№10 мектеп-гимназиясы» КММ орыс және аралас мектептерінің   5 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға Өскемен қаласының орыс және аралас мектептерінің оқушылары қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: 5-сыныпта білім алушылардың А2 игерімін меңгеру дәрежесін анықтау. 

Біздің мектептен 5 «Б» сынып оқушысы Мариничева Владислава қатысып, 2-ші орынға ие болды.

Владиславаны шын жүректен құттықтай отырып, келешекте тек биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Жарайсың, Владислава!

Жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.