11 «А»

Желтоқсанның 14 күні  11 «А» сынып оқушыларымен  пән мұғалімі Мағзиева Н.З. ұйымдастырумен «Латын тілінде ресми іс-қағаздарын рәсімдеу: өмірбаян,түйіндеме» атты  практикалық ашық сабақ өтілді.

Сабақтың мақсаты:  Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру..Қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін  патриот ұрпақ тәрбиелеу. Латын тілінде ресми іс-қағаздарын рәсімдеу:  өмірбаян,түйіндеме  жазуға дағдыландыру;

     Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстарына тоқталып, тіл тазалығы мәселесі туралы айтылды. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстар таңбалы әріптерді қысқарып,  сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатындығымыз сөз болды. Латын әліпбиіне көшу – әлемдік жаһандану қатарына кіру, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Бізге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты тығыз байланысты күшейтуіміз керектігі сөз болды.

      Латын әліпбиіне көшу –ол қазақ халқы өркениетті шешім. Бұл халықты әлемнің бір бөлігі болуға талпынуы, алға жылжуын  растайды; Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр, сонымен қатар оқушылар практикалық жұмыс ретінде латын ғарпінде ресми іс-қағаздарын:  өмірбаян,түйіндеме рәсімдеді.

       Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтық санасының  жаңғыруына жол ашады , түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға қамтамасыз етеді.

     

Ашық сабақтың  өтілу сәтінен: