10Б

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі  қарсаңында қазақ тілі мен әдебиетінен  пән апталығы аясында №10 мектеп-гимназиясы 10Б  сынып оқушыларымен  «Латын қарпіне көшу – болашақтың бағдары» атты сыныптан тыс сабақ өткізілді.

       Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру; Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу;

Шараны қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміі Краубаева А.С жүргізді. Іс-шара барысында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен танысып, латын әліпбиіне көшу бүгінгі күннің өзеті мәселесі екені жеткізілді. Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің латын қарпімен жазылуы және айтылуындағы өзгерістер талқыланды  

      Сабаққа сынып оқушылары түгелдей қатысып, өз ойларын білдірді. «Латын әліпбиіне көшу» туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Оқушылар ойларын ашық айтуға толық мүмкіндік берілгенін атап көрсетті.

                                                                                                   Краубаева А.С

                                                                           қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміі

                                                                      Өскемен қаласы     №10 мектеп-гимназиясы