10.12-21.12.2018

ж. аралығында гимназия шаңырағында «Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы» өтті.  Апталықта қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізді. 21.12.2018ж. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай шығармашылығына арналған сыныптан тыс іс-шара болды.                                        

Бұл шараға 6-9 сынып оқушылары ат салысып, қатысты. Шараның мақсаты: Абай  шығармаларымен танысу, дәріптеу, көркем әдеби шығармаларды оқуға шақыру, Абайтануға насихаттау. Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу. Оқушылар шараны бастан аяқ өздері жүргізді. Абай туралы нақыл сөзбен бастап, оның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады.

Абай туралы оқушылардың танымы. Олардың айтуы бойынша: «Біз Абайды танимыз, әлі де танысамыз...» дейді. Гимназияның кітапханасы қорынан Абай туралы, оның шығармалар жинағы жайлы көркем шығармалар көрмесі де болды.

Шара өте мағыналы да қызықты болды.

Қатысушыларға үлкен рахмет!!! Сәттілік пен шығармашылық табыс тілеймін!

Мұғалімі: Жанғазина Б.К.