урок в режиме Онлайн по теме «Уақыт- алтыннан да қымбат»

     «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, еңбек сіңірген қайраткер, ҚР педагогикалық ғылымдар Академиясының құрметті академигі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның атаулы зертханасы – қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытудың желілік қауымдастығының орталығы.

     2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру туралы» VІ  шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық маслихатының кезекті сессиясының 2016 жылғы 14 шілдедегі №5/51- VІ шешіміне сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын іске асыру туралы ШҚО білім басқармасының басшысы А.Садықованың 24 тамыз 2016 жылғы №359 бұйрығы шығарылды.Осы бұйрықты жүзеге асыруда Қ.Бітібаеваның атаулы зертханалары мен қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытудың желілік қауымдастығы құрылған еді.

 

       Осынау қауымдастыққа енген Өскемен қаласындағы №10 мектеп-гимназиясы осынау

Қанипа Омарғалиқызы атындағы зертханамен тығыз байланыс жасай отырып, биылғы оқу жылынан бастап облыстағы атаулы зертханалармен желілік байланысқа шығып, ұстаздың «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясымен берілген онлайн сабақтарды көріп,тәжірибе алмасуда. Желтоқсан айының 8 күні, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Мағзиева Н.З.,Мұқашова М.Қ. басшылығымен «Уақыт –алтыннан да қымбат» атты

10 «А»-сынып оқушыларымен Онлайн сабағы өтілді. Ұстаздың «Ой тастау, ойланту» технологиясының өзге ұлт мектептерінде қазақ тілін меңгертуде, оқушылардың өз беттерімен алдын-ала жұмыс істеулеріне, қосымша еңбектермен жұмысқа баулуда, шығармашылық жұмыстарға жетелеуде тиімділігі зор болды. Сондай-ақ КЖТ (конструкторлық жобалау технологиясы) сабақта қолдану барысында оқушылардың қызығушылығын туғызып, білімді жинақтап, жүйелеп беруде тиімді болды.Оқушылардың ой өрісін, сөйлеу тілін дамытуда, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуда «Ой тастау, ойланту» технологиясының маңызы зор екендігіне тәжірибеде көзіміз жетті.

       Онлайн желісінде Өскемен ДБА Жамбыл мектебі, Семей қаласы №37 мектебі, Зырян  қаласы №9 мектебі, Абай атындағы ОММГИ, Жарма Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы  желіге қосылып, өзге зертханалармен іс-тәжірибе алмасып, онлайн желісінде өтілген сабақтың тиімділігі өте зор екендігіне көзіміз жетті.Болашақта осындай шаралар жүзеге асырыла берсе деген ниеттеміз...

  

Суретте ашық сабақтан көрініс

В соответствии с Решением №5/51 –VІ от 14 июля 2016 года  сессии Восточно-Казахстанского областного маслихата, 24 августа 2016 года руководителем Областного Департамента образования ВКО А. Садыковой был издан Приказ №359 о внедрении Программы «Дарынды мектеп» на 2016-2019гг. В целях исполнения даного приказа была организована лаборатория имени К. Бітібаевой по углубленному изучению казахского языка и литературы. Школа- гимназия №10 г. Усть-Каменогорска вошла в состав данной лаборатории. В текущем учебном году учителя казахского языка и литературы  с целью обобщения и распространения ППО по применению технологии К. Бітібаевой «Ой тастау, ойлану, ойлату» активно участвуют и проводят уроки  в режиме Онлайн .

8 декабря 2016 года учителями казахского языка и литературы ШГ №10

Магзиевой Н.З.,  Мукашовой М.К. был проведен  урок в режиме Онлайн по теме  «Уақыт- алтыннан да қымбат» в 10А классе. На уроке были применены технологии  Қ. Бітібаевой «Ой тастау, ойлану, ойлату» и КТЖ. Работа была направлена на  закрепление  и систематизацию знаний , развитие  навыков самостоятельной работы  и взаимообучения учащихся. В режим Онлайн были подключены школа для одаренных детей имени Жамбыла г. Усть-Каменогорска,  школа №37 г. Семипалатинска, школа №9 г. Зыряновска, многопрофильная школа-гимназия имени Абая  п. Жарма.

Надеемся, что в будущем в данном мероприятий примут участие и другие школы ВКО.